РАНТ мүшесі жазасын өтеушілерге насихат айтты
РАНТ мүшесі Ахмет Ғазиз Нұртайұлы Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Ғазиз Нұртайұлы ғибратты насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.