РАНТ мүшесі түзету мекемесіндегі азаматтармен кездесті
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапар барысында ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Жат ағымның зардабы» тақырыбында дәріс айтылып, дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы түсіндірілді. Сонымен бірге, дін атын жамылған радикалды топтардың қоғамға, отбасыға және жеке адамға келтірер зияны кеңінен талқыланды.
Жазасын өтеушілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Сондай-ақ қатысушыларға шариғи мәселелер бойынша пәтуалар беріліп, дұрыс діни түсінікпен бөлісті.



