РАНТ мүшесі полиция қызметкерлерімен кездесті
РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 43 мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.
«Сыбайлас жемқорлықтың зардабы» тақырыбында өткен кездесу барысында Юнус Қадырқұлұлы Ислам діні негізінен, мұсылмандардың дүние және ақырет үшін адал кәсіп етуін талап ететіндігін айтып, сондықтан адам саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету керектігін түсіндіріп өтті.