РАНТ мүшесі облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде уағыз айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде болды.
Юнус Қадырқұлұлы құптан намазына жиналған жамағатқа «әр-Ра’д» сүресінің мән-мағынасын ашып, 1-7 аяттарының тәпсірін түсіндірді. Алдағы уақытта осындай кездесулер жалғасын тауып, жүйелі түрде өткізіледі деп күтілуде.