blog Images

РАНТ мүшесі облыстық мешітте уағыз айтты

РАНТ мүшесі Ахмет Ғазиз Нұртайұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесті.

9 мамыр күні ақшам мен құптан намаздарының арасында өткен кездесу барысында Ғазиз Нұртайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі жайлы тұщымды уағыз айтты.