РАНТ мүшесі облыстық мешітте насихат айтты
ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Сапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен кездесіп, ақшам намазынан кейін «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Кездесу барысында бала тәрбиесінің маңызы, ата-ананың жауапкершілігі, ұрпақты имандылық пен көркем мінезге баулудың исламдағы орны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
