blog Images

РАНТ мүшесі Маңғыстау ауданының жамағатымен кездесті

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Маңғыстау аудандық «Шетпе» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Ақшам намазынан кейін өткен уағыз-насихат барысында  «Алланы жақыннан тану және оның хикметтерін сезіну» тақырыбында тағылымды ойлар айтты. Жамағатты имандылыққа, жүрек тазалығына, Алланың әрбір нығметін қадірлеуге шақырды.

Кездесуге қатысқан жамағат рухани әсер алып, ұстаздан пайдалы кеңестер мен сұрақтарына жауап алды.