blog Images

РАНТ мүшесі киелі орындарға зиярат жасады

Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарды насихаттау мақсатында Жаңаөзен қаласының имамдары арнайы зиярат ұйымдастырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында «Шопан ата» жерасты мешіті мен Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне зиярат жасады.

Аталмыш танымдық саяхатқа РАНТ мүшесі Ғазиз Нұртайұлы, Ақтаудағы «Ержан Хазірет» мешітінің бас имамы Ахлиддин Мирсайдұлы, Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Қажымұқан Дауылбайұлы, «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы қатысты.