blog Images

РАНТ мүшесі «Имандылық тағылымы» бағдарламасының қонағы болды

Жаңаөзен қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы Janaozen TV телеарнасында шығатын «Имандылық тағылымы» бағдарламасының қонағы болды.

«Рамазан айын қалай өткізу керек?» тақырыбында өткен сұхбат барысында Юнус Қадырқұлұлы халықты осы берекелі мезгілді барынша пайдалы өткізіп, қоғамдық деңгейде ізгі істерді жасауға шақырды. Атап айтқанда, РАНТ мүшесі мүмкін болған жағдайда тегін такси қызметін атқарып, арақ-шарап саудасын тоқтату және т.б. сауапты амалдарға үндеді.