blog Images

РАНТ мүшесі «Ар-Рахман» мешітінде жұма уағызын жүргізді

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі мен өнегелі өсиеттері» тақырыбында жұма уағызын айтқан Юнус Қадырқұлұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа мәзһабымыздың негізін қалаушы ғалымның ғұмыры мен қалдырып кеткен өсиеттері жайлы насихат айтты.