blog Images

РАНТ мүшесі «Әбіш қожа» мешітінің жамағатына насихат айтты

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде болып, жергілікті жамағатпен кездесті.

Юнус Қадырқұлұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке «Құран – мәңгі мұғжиза», Иман және Ихсан ұғымдары, ауызбіршіліктің маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтып, салихалы ойларымен бөлісті.