blog Images

РАНТ мүшесі «Әбіш қожа» мешітінде уағыз айтты

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Ақшам мен құптан намаздарының арасында өткен кездесу барысында Нұралы Бақытұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа Ихсан ұғымы, дін мен дәстүрдің сабақтастығы және жат ағымдардың зияны жайлы айтып өтіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.