Рамазанға рухани дайындық: Аль-Хаким мешітінде білім сайысы өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Әль-Хаким мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен білім сайысы өтті.
Тағылымды шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, Рамазан айына дайындықты күшейту және рухани құндылықтарды насихаттау.
Сайыс барысында мешіт ұстазы Раушан Хайраддинқызы «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітапшасы негізінде тест форматында жарыс ұйымдастырды. Қатысушылар қасиетті айға қатысты білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жандарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
