Рамазанға дайындық:Әбіш қожа мешітінде кешенді тазалық жұмыстары жүргізілді
Жаңаөзен қалалық орталық Әбіш қожа мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында кешенді тазалық және жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Мешіт кілемдері арнайы химиялық тазалаудан өтіп, терезелер мен шкафтар, барлық жиһаздар мұқият тазарылды.
Ауызашар беретін асхана толықтай дезинфекцияланып, санитарлық талаптарға сай дайындалды. Сонымен қатар, сырттағы электр кабельдері мен шамдар жаңартылып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Мешіт ұжымы мен жамағаттың белсенді қатысуымен өткізілген бұл жұмыстар қасиетті айда тұрғындарға ыңғайлы әрі таза орта жасауға бағытталған. Дайындыққа атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!








