blog Images

«Рамазанда бір тал ек» жобасы облыстық «Бекет ата» мешітінде жалғасты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған азаматтар құлшылық үйінің ауласына 50 түп жеміс ағашын отырғызды.