blog Images

«Рамазан және бас имам сағаты» жобасының кезекті дәрісі өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» атты жобаның кезекті дәрісі ұйымдастырылды.

Бесін намазынан кейін өткен шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы «Рамазан — Ихсан айы» тақырыбында дәріс оқып, жамағатқа берекелі айда ұстаған оразамызды кемеліне жеткізетін амалдар туралы баяндап, көпшіліктің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.