blog Images

«Рамазан және бас имам сағаты» атты шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» атты шара өтті.

Бесін намазынан кейін өткен шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы «Оразаның сүннеті мен әдептері» тақырыбында дәріс оқып, жамағатқа берекелі айда ұстаған оразамызды кемеліне жеткізетін амалдар туралы баяндап берді.