blog Images

«Рамазан сыйы»:Оразмағанбет ахун мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай , Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шараның басты мақсаты – қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Қайырымдылық аясында 10 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері табысталып, Рамазан айының қуанышы бөлісілді.