blog Images

«Рамазан сыйы»:Облыстық мешітте 30 отбасыға азық-түлік таратылды

«Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешіті және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Қасиетті Рамазан айының берекесін бөлісуге бағытталған бұл бастама – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттыруды көздейді.

Шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатындығын атап өтті. Сондай-ақ, барша жамағатты сауапты істерге үлес қосуға шақырып,мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырды.