blog Images

«Рамазан сыйы»:Облыстық мешіт азаншысына автокөлік кілті табысталды

Қасиетті Рамазан айында «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жанашыр жандардың қолдауымен Маңғыстау облыстық «Бекет ата»мешітінің азаншысы Әли Қазаққа су жаңа автокөлік сыйға тартылды.

Облыстық мешітте 22 жылдан бері табанды қызмет атқарып келе жатқан азаншыға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет Маңғыстау өңіріне келген сапар аясында тапсырған болатын.

Көлік кілтін Маңғыстау қажылар қауымдастығы төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы табыстап,жиылған жамағатқа бата беріп, алдағы қызметіне толағай табыс тіледі. Сондай -ақ,бүгін  жұма намазына жиналған жамағатқа Әли Қазақтың еңбегін елеп көлік сыйлаған азаматтарға алғыс айтты.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өз сөзінде мешіт ісіне сүбелі үлес қосып жүрген  дін қызметкерлердің еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтіп, Әли Қазақтың қызметіне береке тілеп, ризашылығын жеткізді.