blog Images

«Рамазан – рухани жаңғыру айы» атты кездесу өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан – рухани жаңғыру айы» атты кездесу ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен өткен шара барысында, ораза тұтқан 30 шақты мүмкіндігі шектеулі жанға сурдо аудармашы (ымдау тілі маманы) Ардақ Орунбасарқызының көмегімен Рамазан айының мән-мағынасы түсіндіріліп, сұрақтарына жауап берілді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай өткен шараға қатысушыларға арнайы «Ауызашар қоржындары» үлестірілді.