blog Images

«Рамазан – Құран айы» атты жарыс ұйымдастырылды

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Рамазан – Құран айы» атты жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу, «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу, сондай-ақ Құран Кәрімді мәнерлеп оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері мен қарилар төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Кәміл Азат;

ІІ орын – Тәттібаев Айбек;

ІІІ орын – Жұмашев Ғалымжан.

«Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу бойынша:

І орын – Таңатаров Темірлан;

ІІ орын – Шаңды Жүсіп;

ІІІ орын – Базылов Мәди.

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Шоқанбаев Мырзағали;

ІІ орын – Нұржұманов Нәби;

ІІІ орын – Сазанов Жанболат және Мақсетов Садиддин;

Аталмыш жарыстың жүлделі орын иегерлеріне алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Өзге қатысушыларға да алғыс хаттар берілді.