«Рамазан – Құран айы» атты шара ұйымдастырылды
Қасиетті Рамазанның қарсаңында Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан – Құран айы» атты шара болып өтті.
Семинарға мешіттің әйел жамағаты қатысып, он екі айдың сұлтаны болған Рамазан туралы ой-танымдарының көкжиегін кеңейтті. Мешіт ұстазы Ақмарал Қазиева шараға қатысушылармен оразаны ұстау, ниет ету және бір ай бойына оқылатын дұғалар мен тиымдар туралы ақпаратпен бөлісті.
«Ораза – ислам парыздарының бірі. Әр мұсылман үшін ораза ұстау міндетті болып табылады. Дегенмен, ораза тек Рамазан айымен шектелмейді. Басқа айларда нәпіл ораза ұстауға болады», деді мешіт ұстазы Ақмарал Қазиева.
Бұдан соң, ұстаз жамағаттың дін мен дәстүр туралы, сондай-ақ, ауыз бекітуге қатысты басқа да сұрақтарына жауап берді.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі