blog Images

«Рамазан – Құран айы» атты облыстық жарыс өтті

ҚМДБ-ның Маңғыстау өңіріндегі өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен «Рамазан – Құран айы» атты облыстық жарыс өтті.

Қатысушылар Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан бақ сынасты. Байқаудың бірінші бөлімінде билеттерде көрсетілген сүрелерді жатқа оқыса, екінші бөлімінде әділ қазылар тарапынан берілген аятты жалғастырып, үшінші бөлімінде берілген аятты тәжуид ережелеріне сай талдады.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

І орын – Хасан Айғаным;

ІІ орын – Бекмұрат Айдана;

ІІІ орын – Сабырова Сандуғаш.

Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 70, 50, 30 мың теңге қаржылай сертификат берілді. Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. 

Шара соңында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жамағатты қасиетті Құранды оқып, үйренуге шақырды.