blog Images

«Рамазан қоржыны» жобасы Баянды ауылында жалғасты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында мешіт имамы Саламат Түгелбайұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 11 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.

Баянды ауылдық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!