«Рамазан қоржыны» жобасы Атамекен ауылында жалғасты
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!