blog Images

Рамазан қарсаңында Шаңырақ мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық ретінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мешіт ауласы ретке келтіріліп, айнала қоқыстан тазартылды, ішкі бөлмелерге жалпы тазалау жұмыстары жасалды. Құлшылық ордасының әрбір бұрышы мұсылман жамағатын Рамазан айын лайықты қарсы алуға әзірлеу мақсатында жаңартылып, реттелді.

Тазалық – иманның жартысы екені белгілі. Сондықтан мұндай игі шаралар тек қоршаған ортаны көркейту ғана емес, жүректі де тазартуға үндейтін рухани дайындықтың бір бөлігі болып саналады.

Алла Тағала жасалған қызметтерді қабыл етіп, қасиетті айды берекелі әрі сауапты өткізуді нәсіп етсін.