«Рамазан – ізгілік айы» атты рухани кеш өтті
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті «Рамазан – ізгілік айы» атты рухани кеш ұйымдастырды.
Шараға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Үсембайұлы, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы катысты Аманжол Жөкенұлы, ақсақалдар, имамдар және жамағат қатысты.
Жаңабай Үсембайұлы көпшілікті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде Юнус Қадырқұлұлы уағыз айтып, жиналған қауымды ғибратқа толы насихатпен сусындатты.