blog Images

«Рамазан базарлығы» жобасы «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде жалғасты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты.

Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 30 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестіріп, дене өлшемдеріне сай киім-кешектерді табыс етті.

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!