Рамазан айының құрметіне Жаңаөзеннің 5 дүкенінде арақ-шарап сатылмайды
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының оразаға орай кәсіпкерлерге жолдаған үндеуіне үн қосуда.
Аталған үндеуге орай «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Хафиз Мұсаұлы бастаған азаматтар жергілікті жердегі азық-түлік дүкендеріне барып, Бас мүфтидің үндеуін таныстырды.
Аталған шараның нәтижесі бойынша Жаңаөзен қаласында орналасқан 5 дүкенде Рамазан айының соңына дейін арақ-шарап сатылмайтын болды.