blog Images

«Рамазан айына дайындық» атты семинар өтті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінде «Рамазан айына дайындық» атты семинар ұйымдастырылды.

Шараға Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің наиб имамы Қажымұқан Дауылбайұлы қатысып, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа қасиетті айға дайындықтың қандай болуы керектігі жайлы дәріс оқып, тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.