blog Images

Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Әбіш қожа» мешітін зиярат етті

Қазақстан Республикасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітін зиярат етіп, құлшылық үйінің қазіргі тынысымен танысты.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы мешіт бас имамы Юнус Қадырқұлұлы және құлшылық үйінің өзге де қызметкерлерімен сұхбаттасып, ағалық ақыл кеңесін айтып, өзінің мол тәжірбиесімен бөлісті.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның тұңғыш төрағасы сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, өскелең ұрпақпен естелік суретке түсті.