blog Images

Қызылтөбе мешітінде ауыл ақсақалдарының бата жарысы өтті

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде «Дұға – құлшылық берекеті» атты бата беру жарысы ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында қариялар жамағат алдына шығып, өздері қалаған тақырыпта бата беріп, ақ тілектердің тиегін ағытты.

Дін мен дәстүрдің сабақтастығына арналған шараның барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында ауыл қарияларына ақ дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.