Қызылсай ауылында тоғызқұмалақтан сайыс өтті
Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылының 65 жыл толуына орай, Қызылсай ауыл әкімшілігі және Қызылсай ауыл ақсақалдар төрағасының ұйымдастыруымен ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді.
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын. Ұлттык дәстүрлі ойынымызды дәріптеу максатында ұйымдастырылған сайысқа «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің бас имамы Бералы Жалғасбайұлы да қатысып 3-ші орынға ие болды .Сайыс соңында тапқырлық танытып, жүлделі орын алған қатысушылар марапатталды.