blog Images

Құрбан айтқа орай облыстық «Бекет ата» мешітінде ауқымды шара өтеді

Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласында ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылады.

Құрбан айт намазынан кейін мереке күні түрлі қызықты шараларға ұласатын болады. Ұлық мерекеде ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, көпшілік қазақ күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату секілді спорт түрлері бойынша бақ сынайтын болады.

Бұдан бөлек, 200 адамға ақ дастарқан жайылып, балаларға арнайы тәттілер салынған «Құрбан айт қораптары» таратылады деп күтілуде.

Жауапты: Байкенже имам — 7 777 106 52 00.