blog Images

Құрбан айт қарсаңында мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Жылдағы игі дәстүрге сай 14 пен 20 жас аралығындағы жастардан құралған Ақтау қалалық «Жасыл ел» еңбек жасағы құлшылық үйінің ауласында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізді.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жастайынан еңбекке араласып, өңіріміздің ғана емес, еліміздің гүлденуіне барынша атсалысып жүрген «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелеріне мешіт ұжымының атынан алғыс білдірді.

Ақпарат үшін. «Жасыл ел» еңбек жасағының мақсаты – жастардың көмегімен еліміздің түкпір-түкпірінде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүрзігіп, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады.