blog Images

Құрбан айт қарсаңында Қарақия аудандық мешітінің ауласы тазартылды

Келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай Қарақия аудандық орталық мешітінің ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шара аясында жастардан құралған «Жасыл ел» еңбек жасағы құлшылық үйінің ауласында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат үшін. «Жасыл ел» еңбек жасағының мақсаты – жастардың көмегімен еліміздің түкпір-түкпірінде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүрзігіп, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады.