Құрбан айт мерекесінде дін қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Құрбан айт мерекесіне орай өткен рухани-мәдени кеш барысында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы қала мешіттерінде қызмет атқарып жүрген бас имамдарға ерекше құрмет көрсетті.
Іс-шара аясында бірқатар имамдар Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұқаш Мақсат Асқарұлының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, дін саласының дамуына қосқан үлесі мен ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін Жаңаөзен қалалық мешітінің 30 жылдық мерейтойлық төсбелгісі табысталды.
Бұл марапаттар – имамдардың қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту жолындағы еңбегіне көрсетілген құрмет пен сенімнің белгісі.
