Құрбан айт 2026:«Шаңырақ»мешітінде Құрбандық еттері таратылды
Құрбан айт мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж 70 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Әр отбасыға 3 келіден ет таратылып, жалпы саны 210 кг құрбандық еті берілді.
Алла тағала барша құрбандық шалған жандардың ниеттерін қабыл етіп, жасаған ізгі амалдарын сауаптан жазғай!
Қайырымдылық пен бауырмалдық артқан қасиетті мерекенің берекесі әр шаңыраққа мол болсын!
