ҚҰРБАН АЙТ 2026:ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Маңғыстау облыстық «Бекет ата»мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы және ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Байкенже Серікбайұлы “Korkem Alem”ет комбинатына арнайы барып,Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтады.
Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі –құрбан шалу. Мереке қарсаңында ет комбинатындағы мал резерві,құрбан шалынатын орынның санитарлық талапқа сай болуы,мал тасымалдау көліктерінің дайындығы,тазалығы мен дайындығы бақылаудан өткізіліп,”KORKEM ALEM”ет комбинаты ,құрбан шалу орны толықтай Құрбан айт мерекесіне дайын.
Айта кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылады. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!
