blog Images

ҚҰРБАН АЙТ 2026:ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын құрбан айт мейрамына орай, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде таң сәріден Құрбан айт намазы оқылды.
Мешітке жиналған жамағат дұға жасап, мұсылмандық парыздарын орындады. Айт намазы ҚМДБ-ның бекіткен кестесі бойынша таңғы сағат 06:30-да оқылды.

Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатты облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айттың шығу тарихы және мән-мағынасы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

Айт намазынан кейін  Құрбан айт хұтпасы оқылып, мешіт ақсақалдары Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады. Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа бөленді. Айт намазы оқылып болған соң, ниет білдірген қауым арнаулы белгіленген орындарда құрбандық шалуға бет алды.

Сондай-ақ,айт мейрамына орай 29 мамыр күні облыстық мешіт ауласында  қазақы ақбоз үйлер тігіліп, айт дастарханы жайылып,Ұлық мерекеде ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,көпшілік қазақ күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату секілді спорт түрлері бойынша бақ сынайтын болады.