blog Images

Құрбан айт 2026:100 балаға «Құрбан айт тәттілері»үлестірілді

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы 1-ші шағын ықшам ауданында орналасқан №3 ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тәрбиеленіп жатқан ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге”Құрбан айт тәттілерін” үлестірді.

Ерекше күтімді қажет ететін  100 бүлдіршінге ұлы мерекеге орай  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы балаларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап,дерттеріне шипа, дендеріне саулық тіледі.