Құран жарысының жеңімпазына кіші қажылыққа жолдама берілді
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.
Рухани шара барысында қатысушылар Құранның 30-шы парасын жатқан айтудан сайысты. Жарыс нәтижесінде Тамара Теңелова І орынға ие болып, кіші қажылыққа жолдаманы жеңіп алды. ІІ орын Сара Құлмаханбетоваға, ІІІ орын Жадыра Бақытжановаға бұйырды.
«Ар-Рахман» мешітінің имамы Емел Зиядулла марапаттау рәсіміне арнайы қатысып, алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыс етті.
Өз кезегінде әйел жамағаты осы шараны ұйымдастырған құлшылық үйінің ұстазы Жансая Қалбекқызына алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.