blog Images

«Құран – екі дүние шамшырағы» атты облыстық Құран жарысы өтті

Амал мерекесіне орай Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Тобыш ата ұрпақтарының Шағыр ата тақтасының қаржылай қолдауымен Құран Кәрімді жатқа оқудан байқау өтті.

«Адай ата»-«Отпан» тарихи-кешенінде өткен жарыс барысында қатысушылар Құран Кәрімнің 28 парасын, 29 парасын, 30 парасын жатқа оқудан жарысты.

Құран жарысына «Ақтау» қайырымдылық мекемесінің ұстаздары Асқар Әділбайұлы, Айбек Мұхтарұлы және Алиқожа Амрадинұлы сияқты қарилардан құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

І орын – Қошман Әли;

ІІ орын – Үсен Мұхаммеджан;

ІІІ орын – Қожамұрат Талғат.

Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сертификаттар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.