blog Images

«Құран көңілімнің көктемі» атты салтанатты кеш өтті

Ақтаудағы «Ержан Хазірет» мешіті «Құран көңілімнің көктемі» атты тақырыпта салтанатты кеш ұйымдастырды.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған шара аясында «Мешіт», «Бес парыз» және «Орамалым – шариғат шәлісі» атты ғибратты қойылымдар қойылым, «Алланың 99 есімі», «Шүкір Алла» сияқты діни өлеңдер айтылды.

«Құран тарихы, мұғжизасы» атты танымдық көрме бұрышы ұйымдастырылып, викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Мешіт ұстаздары Өмірзаққызы Айнұр мен Рыскүл Мамадияр «Құран және тәжуид ережелері» курсын тәмамдаған шәкірттерін марапаттап, тәж кигізіп, мешіт бас имамы атынан сертификаттар табыстып, қасиетті Құран кітабын сыйлады.