blog Images

«Құран Кәрім — мәңғі мұғжиза» атты рухани шара өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Құран Кәрім — мәңғі мұғжиза» атты рухани шара ұйымдастырылды.

Қасиетті Құран аяттары оқылғаннан кейін, өңіріміздегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жиналған көпшілікке Алланың кәләмын оқудың артықшылықтары жайлы тұщымды уағыз айтты.

Осыдан кейін облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Әмина Исақызы әйел-қыздарды Құранды үйренуге шақырып, Құранға түскен сауат ашу курстарының шәкірттеріне Алланың кітабын сыйға тартты.

Рухани шара қорытындысында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап беріп, белсене қатысқан қыз-келіншектерге діни әдебиеттер табыс етілді.