«Қосай ата»мешітің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты қайырымдылық бағыттағы шағын футбол жарысы өтті.
Аталмыш шара жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және қайырымдылық іске атсалысу мақсатында өткізілді. Ойынға мешіт жастары белсене қатысып, өзара достық қарым-қатынас пен бірлікті нығайтты.
Жарыстың ашылуында «Қосай ата» мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Нұрмұхаммед Бахарамұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, футбол жарысын ресми түрде ашып берді. Өз сөзінде имам спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екенін, әрі жастардың уақытын тиімді өткізіп, ізгі істерге жұмылуға себеп болатынын атап өтті.
Шара соңында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан әрбір жастың ынтасы бағаланып, игілікті іске қосқан үлесі үшін алғыс айтылды.








