«Қосай ата»мешітінде жылдық қорытынды жиыны өтті
Бүгін Жаңаөзен қалалық Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінде жылды қорытындылау жиыны өтті.
Жиналыста ҚМДБ тарапынан жыл басында бекітілген бағыттар мен тапсырмалардың орындалуы баяндалып, әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар,мешіт ұжымы тарапынан жыл бойы жүзеге асқан игі істер, жамағатпен атқарылған шаралар мен қайырымдылық бағытындағы қызметтер де таныстырылды.
Жиын соңында алдағы жылға жоспарлар белгіленіп, жұмыс нәтижелерін одан әрі арттыру мақсатында ұсыныстар айтылды.


