«Қосай ата»мешітінде жамағатпен бірге интеллектуалды білім сайысы өтті
Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде жамағаттың діни білімін арттыру және білімге деген қызығушылығын ынталандыру мақсатында «IQRO QUIZ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қосай ата мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед сөз сөйлеп, әрбір мұсылманның білім алып, діни сауаттылығын арттырып, біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы маңызды екенін атап өтті.
Зияткерлік сайыста қатысушыларға ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірі, дін мен дәстүр және дүниежүзі тарихына қатысты түрлі тест сұрақтары қойылды. Қатысушылар өз білімдерін саралап, тапқырлықтары мен зеректіктерін сынға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Жүлдегерлер:
1-орын – «Берекет» командасы
2-орын – «Жеті» командасы
3-орын – «Қосай ата» командасы
Сонымен қатар сайыста белсенділігімен ерекшеленген үздік ойыншы – Оразхан Сабытқа арнайы сыйлық берілді.
Тағылымды шара жамағат арасында білім алуға деген ынтаны арттырып, өзара бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
