«Қосай ата»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық акциясы жалғасын тапты
Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс аясында мешіт жанашырлары мен жомарт жандардың қолдауымен 20 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылып, қайырымдылық көмек көрсетілді.
Рамазан – мейірім мен жомарттықтың айы. Осындай сауапты іске үлес қосқан азаматтардың игі амалдарына Алла береке берсін. Сондай-ақ басқа да кәсіпкер бауырларымызға өз ауылдарындағы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуаныш сыйлауды нәсіп етсін.
